KZNews.kz
Білім

Жекеменшік оқу орталықтарына баратын оқушылардың деректері енді ұлттық базаға енгізіледі – министр

Қайсар Қанат
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Жекеменшік оқу орталықтары мен репетиторлық курстарға баратын оқушылар туралы мәліметтер енді Ұлттық білім беру деректер қорына тіркелетін болды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Министрдің айтуынша, бұған дейін қосымша білім мен репетиторлық орталықтарға баратын балалар жөнінде бақылау жүргізілмеген.

"Репетиторлық орталыққа бару – әр оқушының құқығы. Дегенмен, біз мектептегі білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмысты бастадық. Қай сыныпта, қай пәнде, қандай тақырыпта оқушылар қиналып жүр? Осыған жауапты пән мұғалімдерінде қандай олқылықтар бар? Мұның бәрін талдау басталды", – деді Ж.Сүлейменова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары