“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі көтеріледі: жаңа әдістеме бекітілді

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі көтеріледі:  жаңа әдістеме бекітілді
Фото Depositphotos.com

Үкімет басшысы Олжас Бектенов зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ПМД) анықтаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әдістеме зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеуге қойылатын жаңа талаптарды белгілейді.

Құжатқа сәйкес, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау үшін келесі параметрлер қолданылады:

жылдық табыстылық мөлшерлемесі – 9%;

міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін ай сайынғы төлемдерді индекстеудің жылдық мөлшерлемесі – 8%.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ПМД) келесі формула бойынша есептеледі:

ПМДx₀ = 12 × ПВx₀ × äx₀

мұнда:

x₀ – салымшының жасы;

ПВ – ай сайынғы ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері;

ä – ай сайынғы төлемдердің ағымдағы құнын көрсететін фактор, яғни зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өмір бойы төленетін болашақ зейнетақы төлемдерінің қазіргі (дисконтталған) құнын есептеуге арналған коэффициент.

Қаулыда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі тиісті жас топтары үшін өткен жылғы деңгейден төмен болмауы тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар, ол болжамды инфляция деңгейінен 5 пайыздық тармаққа жоғары өсіммен индекстеледі.

Жаңа әдістеме ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді, яғни 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданылады.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әдістеме күшіне енген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды", – делінген қаулыда.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі