KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Жазира мен Жанболат ұлдарына екінші рет той жасады

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желіде жалғыз ұлына екінші рет той өткізгенін хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Әншінің айтуынша, думанды шара Арал өңірінде, туған жерінде ұйымдастырылған. Тойға ағайын-туыс, дос-жаран жиналып, үлкендердің батасы берілген.

«30 күн ойын, 40 күн той – береке мен қуаныштың белгісі. Аллаға шүкір, Аралға барып, туған жерімізде әдемі той өткіздік», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші барша жұртқа ақ тілегін арнап, әр шаңыраққа береке мен молшылық тіледі.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →