Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.

Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ауданды табиғи газбен қамту Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан «Қордай» атвтоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы қамтамасыз етіледі. Аталған стансаның қуаты тұтыну көлемінің өсуіне есептелмеген.
 

"Жаңа нысанды пайдалануға беру инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, тұрғын үй секторын, орталық қазандықты және кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етеді. Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға, сондай-ақ жаңа абоненттерге техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік береді", - делінген Үкімет баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінде құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізілуде.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі