Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Зардап шеккендер бар»: Астанада жатақхана өртенді

«Зардап шеккендер бар»: Астанада жатақхана өртенді

Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді. Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды Kznews.kz



Өрттен бөлмелер мен ғимараттың шатыры қызыл жалынға оранды.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өртті сөндіру жұмысына ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.


Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары