KZNews.kz
Жаңалықтар

"Жаныңыз жәннаттық болсын": Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовке әсерлі сөздерін арнады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Елге танымал әнші Мақпал Жүнісова 88 жасында өмірден озған Асанәлі Әшімов туралы жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі ресми парақшасында Асанәлі Әшімовпен сахнада тұрып билеп жатқан сәттері таспаланған видеоны жариялады. Кейіннен осы видеоның сипаттамасына әсерлі сөздер жазды.

"Осы кеште Асанәлі ағамыздай тау тұлғамен билеп, гүл шоқтарын алғаныма қатты қуанып қайтып едім... Артыңызда қалған жарыңыз Бағдат жеңгеміз бен ұрпағыңыз мың жасасын, жаныңыз жәннаттық болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары