КСРО Халық әртісі, қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы Асанәлі Әшімовтің немересі Жұлдыз Әшімова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Марқұм актердің немересі атасын сағына еске алып, жүрекжарды сөздерін оқырмандарымен бөліскен.
"Ата, сіз енді біздің ең қымбат естелігімізге айналдыңыз. Сіздің мейіріміңіз бен бейнеңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. Сізді әрдайым сағынышпен еске аламыз…" – деп жазды Жұлдыз Әшімова.
Желі қолданушылары да пікір қалдырып, Асанәлі Әшімовтің қазақ өнеріндегі орны ерекше екенін айтып, отбасы мүшелеріне көңіл айтты.