Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жантүршігерлік оқиға: әйел адам көршінің баласын терезеден лақтырып жібермек болған

Жантүршігерлік оқиға: әйел адам көршінің баласын терезеден лақтырып жібермек болған
Фото: depositphotos.com

Карен Гарсия жұмыстарын жасап келгенше екі баласын көршісіне қалдырған еді. Бірақ үйге оралғанда бес жасар баласын терезеден лақтырайын деп жатқан көршісін байқап қалды. Карен үйге кіргенде көрші әйел баласын суға батырайын деп жатқанын көрді, деп хабарлайды kznews.kz Mirror-ға сілтеме жасап.

CBS телеарнасының хабарлауынша, Карен Гарсия есімді әйел бес және он бір жасар ұлдарын 41 жастағы Вира Забудкоға қалдырған. Көршілердің айтуынша, Забудко Карен Гарсияның пәтерінде тұрған.

ABC жергілікті филиалының полициядан алған мәліметіне сәйкес, Карен үйге оралғанда Забудко оны қайта кіргізбей қойған. Ал Гарсия пәтерге ақыры кіргенде көршісі бес жасар баланы күштеп терезеден итеріп жібермек болған. Полиция мәліметтері бойынша, кейін жанжал туып, Забудко баланы душқа кіруге мәжбірлеген. «Күнәларын шайып тастау керек, себебі ол лас» деген сөздер айтқан. 

Нәтижесінде, Гарсия үйден қашып, екі баласы алып шықты.

Фейет округінің прокуроры Майкл Обеле: «Біз әлі де ақпарат жинап жатырмыз, соның ішінде Забудко осы аймақта қанша уақыт тұрады және олар қанша уақыт бірге тұрғанын анықтауымыз керек. Менің білуімше, Забудко — Украина азаматы. Ол АҚШ азаматтығына ие ме немесе оның мәртебесі қандай екенін білмеймін», — деді.

Забудкоға ауырлатылған шабуыл, екі рет заңсыз бостандығын шектеу, екі рет басқа адамның өміріне және денсаулығына қауіп төндіру, сондай-ақ қарапайым шабуыл жасағаны үшін айып тағылды. Ол Фейет округінің түрмесіне қамалды, кейін кепілмен босатылды. Келесі сот отырысы 9 сәуірге белгіленген.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер