Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда 5 жастағы қызы мен 3 жастағы ұлын анасы терезеден лақтырып жіберген

Таразда 5 жастағы қызы мен 3 жастағы ұлын анасы терезеден лақтырып жіберген
Фото: Ашық дереккөзі

Тараз қаласында 36 жастағы әйелдің екі кәмелетке толмаған баласын бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберуі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Politico.kz-ке сілтеме беріп

Қайғылы жағдай Төле би көшесіндегі жатақханалардың бірінде болған. Көршілердің айтуынша, әйел күйеуімен жанжалдасып, арты ауыр оқиғаға ұласқан. 5 жастағы қызы мен 3 жастағы ұлын сыртқа итеріп жіберіп, кейін өзі де секіруге оқталғанымен, соңғы сәтте тоқтап қалған.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күдіктінің бұған дейін психологиялық күйзеліске ұшырағанын, алайда толық ем қабылдамағанын мәлімдеді. Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Құндыз Бөгенбаеваның айтуынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Зардап шеккен балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер балалардың биіктен құлағандықтан түрлі жарақат алғанын, жағдайы ауыр екенін айтты.

«Балалардың жағдайы – тұрақты ауыр. Қыз балаға аяқ жарақатына байланысты ота жасау жоспарлануда. Екінші баланың бас миы жарақаттанған, денесінде көптеген сырылу бар», – деді аурухананың бас дәрігері Мәулім Кенжалы.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер