Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлына WBO үлкен мүмкіндік берді: енді Хамза Ширазбен белбеуге таласады

Жәнібек Әлімханұлына WBO үлкен мүмкіндік берді: енді Хамза Ширазбен белбеуге таласады
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болып танылды, деп kznews.kz тілшісі Sportinside.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы бұл мәртебені Жәнібекке беріп, даниялық Якоб Банктің дәл осындай талаппен берген өтінішін қанағаттандырмаған.

Қазақстандық боксшының бұған дейін орта салмақта WBO және IBF белбеулеріне иелік еткені шешуші факторлардың бірі болды. Сонымен қатар Жәнібек әлем чемпионы атағын бірнеше рет сәтті қорғаған.

WBO қағидалары бойынша, бұған дейін әлем чемпионы атанып, белбеуін қорғаған боксшы жаңа салмақ дәрежесіне ауысқан кезде артықшылыққа ие болуы мүмкін.

Енді Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хамза Ширазбен титулдық жекпе-жек өткізуі тиіс.

Ұйым екі тарапқа келіссөздерді бастауға 20 күн уақыт берген. Осы мерзім ішінде боксшылардың командалары жекпе-жектің шарттары бойынша ортақ мәмілеге келуі керек.

Егер келісім жасалмаса, тамыз айының соңында чемпиондық айқасты өткізу құқығына промоутерлік сауда ұйымдастырылады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер