Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мен үшін үлкен бақ": Жәнібек Әлімханұлы ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді

"Мен үшін үлкен бақ": Жәнібек Әлімханұлы ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допингке қатысты дау аясында жанкүйерлерге арнайы үндеу жасады. Бұл туралы kznews.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуелі чемпион өзіне қолдау білдіріп жатқан барша жанкүйерлерге алғыс айтты.

"Қолдау көрсетіп жатқан спортшы бауырларыма және жанкүйерлерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Шетелдіктер бұл жағдайға қуанып жатқанда, өз қазағым жанымнан табылып, тазалығыма сенім білдіріп отыр. Ең бастысы – бокс жолында жаман жанкүйер жинамаған екенмін. Қиын сәтте де қолдайтын адал жанкүйердің болуы – әр спортшы үшін үлкен бақыт", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Жәнібек Әлімханұлы әрдайым таза спорт қағидаттарын ұстанатынын тағы бір мәрте атап өтті.

"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны өздеріңіз жақсы білесіздер. Таза спортты үнемі насихаттап келемін", – деді чемпион.

Еске салайық, желтоқсан айына жоспарланған жекпе-жек қарсаңында алынған допинг сынамасына байланысты дау туындап, орта салмақтағы жылдың басты айқастарының бірі саналған Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы кездесу өтпейтін болды. Қазіргі таңда Лара WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылғы 1 сәуірде дүниеге келген. Ол әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанып, Азия чемпионатында да жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта кәсіпқой рингтегі рекорды – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен аяқталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер