Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылындағы жағдайды зерттеуге барған журналист Жанат Молдашова жаңа мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған бейнежазбасында Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулеттің түсініктемесін келтірді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Жангелдин ауылында марқұмдарға тиесілі үй толықтай қоршауға алынып, тиісті тексеру және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.