KZNews.kz
Жаңалықтар

Жангелдин ауылындағы жоғалған жанұя: Іздеу жұмыстары Геолог ықшамауданында жалғасуда

Қайсар Қанат
Alash.kz коллажы

Атырау облысына қарасты Жангелдин ауылынан жоғалған тұрғындар ісі бойынша іздеу және тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта негізгі шаралар күдікті бұрын тұрған Геолог ықшамауданында жүргізіліп жатыр, деп kznews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Наурыз бен Мирамгүлді іздеу бес күннен астам уақытқа созылған. Аталған аумақта полиция мен Ұлттық ұланның шектеулі күші жұмылдырылып, арнайы жылжымалы штаб құрылған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұған дейін кең ауқымды іздестіру шаралары жүргізілгенімен, тергеу жұмыстары тоқтатылған жоқ.

Полиция қызметкерлерінің бірі аты-жөнін жарияламауды сұрап, қазіргі таңда барлық ықтимал нұсқалар қарастырылып жатқанын айтты. Оның ішінде күдіктінің бұрын тұрған жеріне байланысты болжам да бар.

Бұл аумақтың тексерілуі кездейсоқ емес. "Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен жұбайы Ақбаян осы маңнан айына 50 мың теңгеге уақытша баспана жалдап тұрған. Ерлі-зайыпты сол үйде біраз уақыт өмір сүрген. Ықшамаудандағы үйлердің бір бөлігі бос тұрса, енді бірі жалға берілген.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары