Жаңалықтар

Жангелдинде жоғалған жанұя: Диванның өз орнында тұрмағанын көрші бала байқаған

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Жангелдинде жоғалған жанұя: Диванның өз орнында тұрмағанын көрші бала байқаған
Orda.kz

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Зейнеткер ерлі-зайыптылардың өліміне байланысты олардың кенже қызы мен күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланған, деп хабарлайды kznews.kz.

КТК таратқан ақпаратқа сәйкес, мәйіттердің табылуына түрткі болған тағы бір маңызды дерек белгілі болды. Марқұмдардың туысы Әдемі Шылмағанбетованың айтуынша, үй ішіндегі күмәнді жағдайды алғаш болып көрші бала байқаған.

"Бұрын мал союға көмектесіп жүрген көрші бала диванның әдеттегі орнында тұрмағанын аңғарған. Ол диванды жылжытқанда, астынан мәйіттер табылды. Диванның астына рубероид төселіп, үсті кілемдермен жабылған екен. Інім сол жерді өзі қазып көріп, адам сүйектеріне тап болды, алайда өткір иістің салдарынан әрі қарай жалғастыра алмады", – дейді марқұмның әпкесі.

Атырау облыстық полиция департаменті тергеу жұмыстарының тоқтамағанын және іздеудегі адамдар саны өзгермегенін мәлімдеді.

"Екі адамның сүйегі табылғаннан кейін іздеуде төрт адам қалды. Қалған екі жәбірленушіні іздеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар зейнеткерлердің кенже қызы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде халықаралық іздеуге жарияланды, ал оның күйеуі қылмысқа күдікті ретінде іздестірілуде", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz