KZNews.kz
Білім

“Заңдастырылмаған мектептер жабылады”: Жұлдыз Сүлейменова сапасыз білім ошақтарына қатаң ескерту жасады

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заң талаптарын бұзып, ғимаратты мақсатты пайдалану тетігін ұзақ жыл бойы заңдастырмаған мектептердің қызметі тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Министрдің айтуынша, өз құжаттарын 10 жылдан бері реттемей келген, сапа талабына сай келмейтін және заңсыз жұмыс істеген білім беру ұйымдарына енді жол берілмейді. Заңға сай, тәртіпке сәйкес, сапалы мектептің бәрі қала береді, ал мемлекет өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады.

“Заңға сәйкес, тәртіпке сәйкес сапалы мектептің бәрі қалады. Мемлекет өзінің міндеттемелерін орындайды. Сапасыз, заңсыз жұмыс жасаған, 10 жылдан бері өзінің ғимаратының мақсатты пайдалану тетігін дұрыстап заңдастырмаған мектептердің барлығы бұдан әрі жұмыс жасамайтын болады. Менің ойымша, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң және тәртіп” қағидатының аясында, сонымен қатар бүгінгі таңдағы “Әділетті Қазақстан” қағидаты тұрғысынан аясында өте дұрыс шешім деп санаймын.” - деді министр.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары