Танымал әнші Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы Жәмила Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік арасында туындаған сұрақтарға жауап беріп, алда болатын құдалыққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жәмила Төлегенова жазбасында өнердегі белгілі жұп Жанболат пен Жазираның болашақ келіндерінің өздеріне қандай туыстық байланысы бар екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп, жұрт арасында тараған түрлі болжамдарға нүкте қойды.
"Кенжебектің балдызы. Кенжебектің қарындасы. Кенжебектің қайын әпкесінің қызы... Жанболат пен Жазираға келін болғалы жатқан кім? Бізге қандай туыстық қатысы бар? Осының бәрін өзім түсіндіріп берейін.
Біз әке мен анадан жетеуміз. Қыздың кішісі мен, ұлдың кішісі Мұхамеджан. Мұхамеджан менен бір жас кіші. Мамамыз 2004 жылдары сырқаттанып жүріп, Мұхамеджанның үйленуін қалады. Сөйтіп, шаңырағымызға қазақылық пен салт дәстүрді қастерлейтін, маңғаз Маңғыстаудың қызы Лиза келін болып түсті. Лиза ибалылығымен, инабатымен әулетіміздің ажары мен базарына айналды. Араға бір жыл салып дүниеге Асылы келді. Атын анамыз қойды. Асылы деп әйгілі қазақ тілінің жанашыры Асылы Османова апамыздың құрметіне қойды. Асылы апамыздың өзін шақырып бесікке бөлетті. Асёка дүниеге келгеннен кейін араға сегіз ай салып анамыз дүниеден озды... Сосын Лизаның анасы Асёканы бағып қағып, мектеп бітіргенше тәрбиесін берді. Сөйткен Асёкамыз өсіп, келін болғалы жатыр. Аллаға шүкір, еліміздің ең танымал отбасыларының бірі Жанболат пен Жазираға. Құдай тіл көзден сақтасын!" – деп жазды Жәмила Төлегенова.