Банктерде не болып жатыр: несие өскенімен, табыс қысымда қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жанар-жағармай контрабандасы: 411 рет әрекет жасалды

Жанар-жағармай контрабандасы: 411 рет әрекет жасалды
Фото: ашық дереккөздерден

Еліміздің шекарасында жанар-жағармайды заңсыз шығаруға бағытталған жүздеген әрекеттің жолы кесілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 1-10 тамыз аралығында шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізуге қатысты 551 дерек анықталған. Олардың жалпы құны 1 млрд теңгеден асады.

Соның ішінде 411 жағдайда жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығуға жол берілмеген. Тағы 140 дерек халық тұтынатын тауарларды шекарадан өткізу тәртібін бұзуға қатысты.

Заң бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. ҰҚК шекара бекеттеріндегі бақылау жұмыстары жалғасатынын хабарлады.

Жалпы, Жанар-жағармайдың шетелге заңсыз шығарылуы Қазақстан үшін жаңа мәселе емес. Бұған дейін де елдегі салыстырмалы түрде арзан бензин мен дизель отынының көрші мемлекеттерге заңсыз әкетілуі бірнеше рет көтерілген болатын.

Қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері сұйық отынның шекара арқылы заңсыз айналымына қатысты 21 қылмыстық іс қозғалған.

Ал қазіргі көрсеткіштер жанармайдың заңсыз шығарылуы әлі де шекарадағы өзекті мәселелердің бірі екенін көрсетеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.