Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзендегі сұмдық оқиға: өрт сөндіру көлігі үйге соғылып, кішкентай қыз көз жұмды

Жаңаөзендегі сұмдық оқиға: өрт сөндіру көлігі үйге соғылып, кішкентай қыз көз жұмды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Жаңаөзенде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру автоцистернасы жеңіл көлікпен соқтығысып, тұрғын үйге аударылған. Апат салдарынан екі адам, оның ішінде үйде болған кішкентай қыз көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай 18 қаңтар күні тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі шақыртуға асығып бара жатып Lifan маркалы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соққы қатты болғандықтан, арнайы техника аударылып, жол жиегіндегі жекеменшік үйдің бір бөлігін басып қалған.

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасы апаттан жалпы 11 адам зардап шеккенін хабарлады. Солардың екеуі қайтыс болған: Lifan көлігінің жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, үй ішінде болған кішкентай қыз ауруханада көз жұмған. Дәрігерлер қалған зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін айтады.

Аман қалғандардың қатарында Lifan жүргізушісі, жеті өрт сөндіруші және үйде болған тағы бір қыз бала бар. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеп, әзірге қосымша ақпарат берілмейтінін жеткізген. Қазір апаттың нақты мән-жайы, қозғалыс бағыттары мен жауапкершілік мәселесі тергеу қорытындысымен анықталмақ.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер