Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзенде жаңа спорт нысаны бой көтеріп жатыр

Жаңаөзенде жаңа спорт нысаны бой көтеріп жатыр
Фото: GOV.KZ

Жаңаөзен қаласында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды kznews.kz.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзенге жұмыс сапары барысында құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жаңа спорт кешені қаладағы №3 өндірістік аймақта орналасқан. Оның құрылысы 2025 жылы басталды. Жоба тұрғындардың спорттық инфрақұрылымға қолжетімділігін арттырып, қалада бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Облыс әкімі мемлекет бұқаралық спортты дамытуға, халық денсаулығын нығайтуға және спорт нысандарын қолжетімді етуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

– Мемлекеттік жобалармен қатар, әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, өңірлерді қолдап отырған кәсіпкерлер мен қайырымдылық қорларының үлесі де маңызды. Жаңаөзендегі бұл кешен қала тұрғындарына қызмет етіп, балалар мен жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтау қажет, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өңір басшысы құрылыс сапасына назар аударып, кешенді белгіленген мерзімде аяқтауды және пайдалануға беруге дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Нысан іске қосылғаннан кейін Жаңаөзен тұрғындарына дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысу үшін қосымша мүмкіндік беріледі.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.