Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңарған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Жиын барысында Үкіметтің жаңа мүшесі – Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ант қабылдады.
Отырыста сөз сөйлеген Олжас Бектенов елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Үкімет мүшелері нақты нәтижеге бағытталған жұмысты күшейтуі қажет екенін айтты.
Премьер-министрдің пікірінше, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер барлық салада жүйелі әрі кешенді түрде орындалуы тиіс. Сондай-ақ ол «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының маңызын атап өтті.
«Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек», – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы жаңа құрамға елдің одан әрі дамуына қатысты міндеттерді тиімді жүзеге асырып, жұмысты жоғары қарқынмен жүргізуді тапсырды.