Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа салық кодексіне түзетулер енгізіледі - Жұманғарин

Жаңа салық кодексіне түзетулер енгізіледі - Жұманғарин
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет инфляцияны тежеу жөніндегі шараларды күшейтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар кешенін қабылдайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Бағаларды тұрақтандыру үшін осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері өскен кездегі тигізетін ықпалы қатаң қадағаланбақ. Ол инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады.

Одан бөлек вице-премьердің ақпараты бойынша, бизнеске қолайлы болуы үшін және Салық кодексін тиімді енгізу мақсатында Жобалық кеңсесі құрылған. Бұл консультациялар мен сүйемелдеу үшін бірыңғай терезе болады. Түсіндіру жұмыстары 130 мың кәсіпкерді қамтыды, пікірлер мен ұсыныстарды есепке алу үшін конструктивті диалог жолға қойылды.

"Жоспарланған шаралар халқтың әл-ауқатының артуымен қатар жүретін одан әрі орнықты және сапалы өсу үшін негіз жасайды. Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады", - деп атап өтті вице-премьер.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі