Қытайда 1110 миллиардер бар: әлемдік байлықтың шоғырлануы Азияға ойысты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?
Фото: ашық дереккөздерден

1-шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар институционалдық өзгерістер орын алады. Сол өзгерістердің ішінде қазіргі Үкіметтің құқықтық мәртебесі мен оның өкілеттігін тоқтату тәртібі ерекше назар аудартып отыр.

Ел ішінде 1-шілдеден бастап Парламент палаталарының жұмысы тоқтап, атқарушы билік бұтағы - Үкімет те отставкаға кетеді деген түсінік бар. Осы жерде жоғарғы билік эшолонындағы өзгерістер туралы дәйекті ақпараттар жұрт арасына толықтай жетпей жатқаны байқалады.

Әрине, заңдық негізде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Парламент жұмысы тоқтайтыны бұған дейін айтылған болатын. Бұған нақты жауапты 26-маусым күні болатын Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысынан кейін алатын шығарамыз. Ал біріккен отырыстың шақырылғаны туралы бұған дейін жазған едік.

Жалпы, жұртты қызықтыратыны Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты болжамдар болса керек.

Сарапшылардың пікірінше, атқарушы биліктің тағдыры бір сәттік шешіммен емес, өтпелі конституциялық механизм арқылы реттеледі екен. Яғни, жаңа Конституция күшіне енген күні Үкімет автоматты түрде отставкаға кетпейді. Атқарушы билік мемлекеттік басқару жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өз жұмысын қалыпты режимде жалғастыра береді. Бұл кез келген конституциялық реформаның негізгі қағидаларының бірі болып саналады. 

Ал өкілеттіктің тоқтау мерзімі нақты белгіленген Конституциялық нормаларға сәйкес, Үкіметтің құзыреттілігі жаңадан сайланған Құрылтайдың алғашқы отырысы ашылған сәтте тоқтайды.

Осы кезеңге дейін қазіргі Үкімет толық атқарушы билік функцияларын орындай бермек. Әлбетте, мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру, әлеуметтік-экономикалық саясаттың сабақтастығы үздіксіз қозғалысты талап етеді.

Тоқетерін айтқанда, жаңадан сайланатын Құрылтай алғашқы сессиясын өткізген сәттен бастап елімізде жаңа саяси кезең басталады.

Айтпақшы, Конституциялық құқық тұрғысынан "отставка" мен "өкілеттіктің тоқтауы" ұғымдары екі бөлек түсінік екен. Бұл жердегі "отставка" саяси шешім негізінде жүзеге асатын, яғни қызметтен нақты себеп бойынша кету болса, "өкілеттікті тоқтату" жолы Конституцияда алдын ала белгіленген құқықтық рәсім ретінде анықталады.

Деп келгенде, жаңа Конституциялық басқару үлгісі бойынша Үкіметтің "отставкаға кетуі" емес, оның конституциялық өкілеттігінің аяқталуы туралы айту дұрыс болады екен.

Жалпы, тілге тиек етіп отырған саяси реформалардың аяқталуы жүйеде өтпелі кезеңнің басталғанын білдіреді. Ал бұл кезеңдегі Үкіметтің басты міндеті мемлекеттік басқарудағы тұрақтылық пен сабақтастықты сақтау болмақ.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.