"Ауылдағы" ауыс-түйіс: Егізбаев кетіп, Айтуғанов келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?
Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Өкімге сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді. Құжатта бұл шешімнің Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қабылданғаны көрсетілген.

Әдетте, Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында әдетте республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралады, сондай-ақ мемлекет үшін маңызды заңнамалық және саяси мәселелер талқыланады.

Ал 26-маусымдағы отырыстың нақты күн тәртібі әзірге жарияланған жоқ. Алайда, саяси сарапшылар оның барысында бюджетке қатысты есептер мен өзекті мемлекеттік мәселелердің қаралуын жоққа шығармайды.

Ал ел аузында Парламентінің бірлескен осы отырысы... соңғы отырыс болуы мүмкін деген болжам жүр. Өйткені, 1-шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция күшіне енетін болады. Реформаға сәйкес, жоғарғы палата - Сенат статусы жойылып, елімізде палаталы Парламент жасақталмақ. Қабылданған заң бойынша енді заң шығарушы орган Құрылтай деп аталады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.