Тоқаев Ұлттық қор қаражаты қандай жобаларға жұмсалатынын айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа Конституция аясында тұңғыш Құрылтай өз жұмысын бастады

Жаңа Конституция аясында тұңғыш Құрылтай өз жұмысын бастады
Фото: akorda.kz

Сайлаудан кейін жаңа Конституция аясында жасақталған бір палаталы заң шығарушы орган – бірінші шақырылымдағы Құрылтай өз жұмысын бастады. Оның алғашқы сессиясының ашылуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент төл тарихымызда мемлекеттік маңызы бар мәселелер Құрылтайда кеңінен талқыланып, ел тағдырына қатысты ортақ шешімдер қабылданғанына назар аударды. Сондықтан бұл институттың қазіргі кезеңдегі орны да айрықша болмақ.

– Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі. Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңа өрлеу кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Оның сөзінше, биыл Қазақстанның келешегі үшін айрықша мәні бар бірқатар тарихи оқиға болды. Соның ең бастысы – жалпыұлттық референдум арқылы жүзеге асырылған ауқымды конституциялық реформа.

Президент өз сөзінде Құрылтай ұғымының тарихи мәніне арнайы тоқталды. Оның айтуынша, халқымыз ел тағдыры шешілетін сындарлы кезеңдерде Құрылтай шақырып, маңызды мәселелерді ортақ талқыға салған.

Мемлекет басшысы Талас құрылтайының Алтын Орданың құрылуына ықпал еткенін, ал Ордабасы құрылтайының қиын-қыстау кезеңде қазақ халқын бір байрақтың астына біріктіргенін мысалға келтірді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның стратегиялық мақсаты – ынтымағы жарасқан, заң мен тәртіп үстемдік құрған әділетті, қауіпсіз, таза және күшті мемлекет құру екенін мәлімдеді.

Осы мақсатқа жету жолында Құрылтай депутаттары ұлттық заңнаманы жетілдіріп, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің құқықтық негізін қалыптастыруға атсалысуы керек.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.