"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа Конституция адами капитал мен білім сапасын дамытуға жол ашады – сарапшы

Жаңа Конституция адами капитал мен білім сапасын дамытуға жол ашады – сарапшы
Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жаңа Конституция Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына құқықтық негіз қалыптастырып, адами капиталды дамытуға, сапалы білім мен ғылымды ілгерілетуге және әділетті қоғам құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы Талдау, мониторингтеу және бағалау департаментінің директоры Қайрат Гүлсәуле айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, климаттың өзгеруі және жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мемлекеттердің табысы институционалдық тұрақтылық пен адами капиталдың сапасына тікелей байланысты.

«Жаңа Конституция адамды, оның құқықтары мен мүмкіндіктерін мемлекеттік саясаттың өзегіне шығарды. Бұл өзгерістердің басты мәні – әрбір азаматтың әлеуетін толық ашуға жағдай жасап, әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыру», – деді Қайрат Гүлсәуле.

Сарапшының пікірінше, Конституциялық өзгерістер сапалы әрі қолжетімді білім алуға тең мүмкіндік жасап, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, ғылым мен инновацияны дамытуға, жастардың цифрлық және жасанды интеллект дәуіріне қажетті дағдыларын қалыптастыруға негіз қалайды.

Сонымен қатар жаңа Конституцияда табиғатты қорғау, экологиялық жауапкершілік, заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары күшейтілген.

«Түптеп келгенде, Жаңа Конституциядан күтер ең басты нәтиже – өзгермелі әлемнің талаптарына бейімделген, білім мен ғылымға сүйенетін, адам капиталын басты байлық ретінде бағалайтын, заң үстемдігі орныққан және тұрақты дамуға негізделген Әділетті Қазақстанды қалыптастыру», – деді Қайрат Гүлсәуле.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.