Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жариялады

Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жариялады

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына аттанды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Танымал боксшы Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл қазақстандық былғары қолғап шеберлері Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысады. Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жерлестеріне сәттілік тіледі.

"Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеймін! Алға, жігіттер!", - деп жазды Геннадий Головкин Twitter-дегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында 10 қыркүйек күні шаршы алаңға шығады. Жеребе тарту рәсімінде олардың бірінші қарсыластары анықталды. 91 келіге дейін Василий Левит – моңғолиялық немесе словакиялық боксшымен жұдырықтасады. Команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев  Гадфа Дрисси (Испания) / Петар Белберов (Болгария) кездесуінің жеңімпазымен бокстасады.

Тағы оқыңыз: "Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды

Алғашқы болып рингке 75 және 91 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар шығады.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан