“Бұл шешімнің қабылдануына біз қатыспадық”: Айтбек Амангелді Байжановтың босатылуы туралы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары «Адал азамат» мектебін іске қосты

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары «Адал азамат» мектебін іске қосты
Фото: Жаңа адамдар баспасөз қызметі

Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары қозғалыстары жас көшбасшылар мен сарапшыларды даярлауға арналған «Адал азамат» мектебінің ашылғанын жариялады. Жоба қоғамдық бастамаларға белсенді жастарды біріктіріп, болашақ кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдардың мүшелері, спорт федерациялары мен клубтарының өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген белсенді жастар қатысты.

Бағдарламаның негізінде «Мәселе менде» қағидаты жатыр. Бұл ұстаным адамды тәрбие объектісі емес, өз дамуына өзі жауапты тұлға ретінде қарастырады. Мектеп жұмысы меритократия, ашық диалог, жеке жауапкершілік және жасампаз патриотизм қағидаттарына сүйенеді.

Жобаға қатысу тегін. Үміткерлерді іріктеу ұйымға мүшелік арқылы емес, олардың тәжірибесі, бастамашылдығы мен ынтасы негізінде жүргізіледі.

Жаңа адамдар қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденованың айтуынша, бүгінде елде қоғамдық ұйымдар мен азаматтық бастамаларда шыңдалған белсенді жастардың жаңа буыны қалыптасқан.

«Ендігі міндет – осы әлеуетті біріктіріп, түрлі саладағы өзгерістерді жүзеге асыра алатын жас көшбасшыларды даярлау. Сондықтан біз жас көшбасшыларды, сарапшыларды және еліміздің кадрлық резервін қалыптастыратын «Адал азамат» мектебін іске қосып отырмыз», – деді ол.

Дала Қырандары қозғалысының үйлестірушісі Мейрболат Тоитовтың сөзінше, мектептің ашылуы бұған дейін басталған бастамалардың заңды жалғасы.

«Біздің мақсатымыз – елге нақты пайдасын тигізетін, жауапкершілігі жоғары әрі тәртіпті азаматтарды қалыптастыру. Бұл алаң жастардың тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды талқылауына және өз әлеуетін дамытуына мүмкіндік береді», – деді ол.

«Адал азамат» мектебінің жетекшісі Нұрай Өмірзақова осыған дейінгі барлық жоба жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.

«Біз 4 жыл бойы жастармен тікелей жұмыс істеп келеміз. Ондаған сәтті жобаларымыз бар. Әлбетте сол жобалардың барлығы жалғасын табады. Бүгінге дейін жинаған тәжірибемізді осы мектептің құрылуына салдық. Бұл мектеп дәстүрлі ұғымдағы, бір жерде шоғырланып қана қоятын ұйым емес, керісінше барлық жасқа тәжірибе алаңы болатын, ашықтық пен әділдікті ту ететін ортаға айналады» – деді ол.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар жобаның келесі кезеңі ретінде Алматыда жастар конвентін өткізуді жоспарлап отырғандарын хабарлады. Форумға өңірлердегі жастар ұйымдарының өкілдері, азаматтық бастамалар мен белсенді жастар шақырылады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.