Жамбыл облысында биыл кене шағуынан болған алғашқы өлім тіркелді. Шу ауданында тұратын тұрғын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды kznews.kz.
Эпидемиологтардың мәліметінше, марқұм мал шаруашылығымен айналысқан және дәрігер көмегіне дер кезінде жүгінбеген.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің алты ауданында және Таразқаласында инфекцияның табиғи ошақтары анықталғанын хабарлады.
Мониторинг барысында мамандар шамамен 27 мың кене жинаған. Зерттелген 2,5 мың сынаманың 150-інен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы табылған.
Қазіргі уақытта облыстың 42 елді мекенінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Департамент басшысының орынбасары Нелли Муликованің айтуынша, жұқтырған кене шаққаннан кейін аурудың жасырын кезеңі 14 күнге дейін созылуы мүмкін.
Ол алғашқы белгілер байқалған сәтте бірден ем қабылдаудың маңызын атап өтті. Маманның сөзінше, бұл дертке қарсы арнайы вакцина жоқ, сондықтан дер кезінде диагноз қойып, емдеуді бастау аса маңызды.
Ведомство дерегіне сәйкес, маусым басталғалы бері өңірде 300-ге жуық адамды кене шаққан. Ал қауіпті инфекция бір жағдайда ғана расталып, ол науқас қайтыс болғаннан кейін анықталған