KZNEWS.KZ
Аймақ

Жамбыл облысында рейд кезінде болған жанжал қылмыстық іске ұласты

• Асқар Алтайұлы
Фото: видеодан скрин алынды

Жамбыл облысында кәдімгі тексеріс күтпеген жерден үлкен жанжалға ұласты — рейд барысында болған қақтығыс енді қылмыстық іс ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Полицияның мәліметінше, мекеме әкімшісі тәртіп сақшыларына кедергі келтіріп, қатты дауыс көтеріп балағаттаған, құжат рәсімдеуге бөгет жасап, олардың бағытына түрлі заттар лақтырған. Бір сәтте жағдай тіпті ушығып, әйел учаскелік полиция қызметкерін итеріп, соққы жасауға әрекеттенген. Оқиғаның барлығы видеоға түсіп қалған.

Нәтижесінде, ол тек әкімшілік жаза емес, бірден екі бірдей қылмыстық бап бойынша күдікке ілінді — билік өкілін қорлау және оған күш қолдану.

Қазір әйел уақытша ұстау изоляторында, тергеу жалғасып жатыр.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →