KZNews.kz
Қоғам

Жамбыл облысы: Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды

Торғын Абушахман
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Бүгін қатты жел салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр желілері бүлінді, деп хабарлайды kznews.kz.
Анықталғандай қатты желдің салдарынан 3 үйдің шатыры толық, 7 үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген.
Шамамен 2 шақырым электр тоғы үзілген. 

Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.

Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

    — Зерделеу жалғасып жатыр. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылатын болады. Қажетті көмектің барлығы көрсетіледі, — делінген Жамбыл облысы әкімдігінің хабарламасында. 

Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті, жауапты басқармаларға қалпына келтіру жұмыстары тапсырылды. Жұмыс бүгіннен басталады. 

Айта кетелік Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкеткен еді. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →