Астанадағы Maxi шай компаниясында еңбек дауы туындады. Жеткізу қызметінде істейтін курьерлер жалақының аздығына және жұмыс жүктемесінің ауырлығына наразылық білдіріп, басшылықтан еңбек шарттарын қайта қарауды талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.
Қызметкерлердің айтуынша, осы жеткізу саласындағы жұмыс көлемі басқа ұқсас компаниялармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болғанымен, еңбекақы мөлшері төмен деңгейде қалып отыр.
Олардың сөзінше, басшылыққа жалақыны көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту туралы бірнеше рет өтініш жасалған, алайда бұл талаптар назарға алынбаған.
Курьерлердің мәлімдеуінше, компания тарапынан оларға «жұмыс істеңдер немесе жұмыстан кетіңдер» деген мазмұндағы талап қойылған. Сондай-ақ, жұмыстан шығуға ниет білдірген қызметкерлерге қысым жасалатыны айтылды. Олардың айтуынша, жұмыстан кеткен жағдайда «еңбек бабымен босатылады» деген ескерту беріліп, негізгі табыстың бір бөлігі саналатын бонустық төлемдерді төлемеу қаупі де ескертілген.
Қызметкерлер бұл жағдайға назар аударуды сұрап отыр. Олар әділ еңбекақы төлеуді, еңбек жағдайларын жақсартуды және қызметкерлердің құқықтарының толық сақталуын талап етеді.