Жаңалықтар

Халықаралық іздеуге жарияланған хакер тағы да маңызды мәлімдеме жасады (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Халықаралық іздеуге жарияланған хакер тағы да маңызды мәлімдеме жасады (ФОТО)
Arasha.kz коллажы

Әлеуметтік желілерде Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының ісіне қатысты түрлі болжамдарды таратып жүрген, өзін "хакер" деп таныстырған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл ақпаратты өңірлік полицияның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желі қолданушыларына "Атыраулық хакер "атымен белгілі ер адам өзінің халықаралық іздеуде жүргенін бұған дейін өзі де ашық айтқан. Кейін бұл мәліметті Атырау облыстық полиция департаменті ресми түрде растады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, аталған азаматқа қатысты іздеу жұмыстары алаяқтық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері бұл істің Атырау облысында жоғалған отбасыға байланысты қозғалған қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ екенін нақтылады.

Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті қазіргі таңда шетел аумағында жүр.

Осы жағдайға байланысты "хакер" өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріп, өзіне тағылған айыптауларға түсінбей отырғанын жазды.

"2 миллион 500 мың теңге қарыз үшін адамды Интерпол арқылы іздеуге бергенін бұрын көрмеппін. Іздеу жарияланған кезде бұл сома нақты көрсетілген. Ал бұл ақшаның кімге қарыз екені туралы ҰҚК-нің бір қызметкері үйіме келіп, арыз жазуымды талап етті. Бұл не жағдай өзі? Команданы шақыруға тура келді, мәселелерді өзіміз шешіп жатырмыз", – деп жазды ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz