Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Халық ертең ұмытады": Сәрсенбаев ісіне байланысты даулы жазба тарады

"Халық ертең ұмытады": Сәрсенбаев ісіне байланысты даулы жазба тарады
Arasha.kz коллажы

11 ақпанда белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың, оның оққағары Бауыржан Байбосын мен жүргізушісі Василий Журавлевтің қаза тапқанына 20 жыл толды. Осы датаға орай саясаткердің жақындары жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сәрсенбаевтың туыстары Қазақстан Республикасының Бас прокурорының атына қылмыстық істі «жаңадан анықталған мән-жайлар» бойынша қайта қарау туралы өтініш жолдаған.

Олардың айтуынша, тергеу мен сот процесі барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтарға жол берілген. Сонымен қатар, іс бойынша маңызды жайттардың кейбіріне тиісті құқықтық баға берілмегені атап өтілген. Марқұм саясаткердің жақындары істің барлық мән-жайын қайта зерделеп, әділ құқықтық шешім қабылдауды талап етіп отыр.

Құжатта іс бойынша аудиожазбаға сілтеме жасалып, онда Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі делінетін сөздер келтірілген. Өтініш авторларының мәліметінше, жазбада "іс бойынша бәрі дәлелденген, айқайлаудың қажеті жоқ, бір айдан кейін іс сотқа беріледі, халық бүгін сөйлеседі де, ертең ұмытады" деген мазмұндағы пікір айтылған.

Өтініш иелері бұл дерек сот үкімінің алдын ала шешілген болуы мүмкін деген күдік тудырады деп санайды.

"Яғни сот басталғанға дейін бір ай бұрын Президент бұл іс бойынша бәрін шешіп қойған, ал сот процесі тек қоғам үшін қойылған спектакль болды", – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар өтініште Қазақстанның Тұңғыш Президентінен жауап алу қажеттігі айтылған.

"Осы жазбаның өзі сот үкімін жоюға негіз болуы тиіс, ал Назарбаев Н.Ә. осы мәселе бойынша жауапқа тартылуы керек", – деп талап қойған өтініш авторлары.

Сәрсенбаевтың туыстары бұл оқиғаны "саяси террор актісі" деп атап, Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтерген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер