Әлеумет

WhatsApp-тағы хабарламалары үшін зейнеткер әйелге 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
WhatsApp-тағы хабарламалары үшін зейнеткер әйелге 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Сурет нейрожелі көмегімен жасалды

Шығыс Қазақстанда WhatsApp-тағы хабарламалары үшін жала жабу дерегі бойынша зейнеткер әйелге айыппұл салу жөнінде сот шешімі шықты, деп хабарлайды kznews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

Іс Тарбағатай ауданының аудандық сотында қаралған. Материалдарға сүйенсек, оқиға 2025 жылғы 17 қазанда болған: әйел WhatsApp тобында ауданның бас дәрігеріне қатысты ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, әдейі жалған мәлімет таратты деп танылған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот оның әрекетін WhatsApp-тағы хабарламалардың көшірмелері және сарапшының қорытындысы арқылы дәлелді деп бағалаған. Сараптама нәтижесінде жазбаларда жәбірленушінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін деректер бар екені көрсетілген.

Сот материалында аталған бап бойынша жаза ретінде 180 АЕК мөлшерінде айыппұл (2026 жылы 778 500 теңге) немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылатыны айтылады. Дегенмен сот әйелдің зейнеткер екенін ескеріп, айыппұлды 30 пайызға қысқартқан. Нәтижесінде ол 495 432 теңге төлеуі тиіс.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz