Bloomberg: Қара теңіздегі жағдай Қазақстанның мұнай экспортына кері әсер етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Емші Бағдагүл Лепесоваға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Емші Бағдагүл Лепесоваға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Ақтөбеде емші Бағдагүл Лепесоваға қатысты «Жала жабу» бабы бойынша әкімшілік іс қаралып, сот оны кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 1 557 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған. Арыз Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан тарапынан түскен. Кейін әлеуметтік желідегі бейнематериалдар сараптамаға жіберіліп, сарапшы жала жабу фактісін растаған.

Алайда Бағдагүл Лепесова сотта өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол аталған видеоны өзі жарияламағанын айтып, материалдардың монтаж немесе жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін алға тартты. Қорғаушысы да бейнежазбаларды жариялаған аккаунт иелерін анықтап, олардан жауап алуды сұрады.

Ал Баян Алагөзова бейнематериалда өзіне қатысты ар-намысқа тиетін және жалған мәліметтер айтылғанын мәлімдеп, кешірім беруге және медиацияға баруға ниеті жоқ екенін жеткізді.

Сот шешімімен Бағдагүл Лепесова Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 557 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді. Айыппұл 30 тәулік ішінде төленуі тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.