Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

WhatsApp арқылы жүздеген қазақстандықты алдаған ерлі-зайыпты сотталды

WhatsApp арқылы жүздеген қазақстандықты алдаған ерлі-зайыпты сотталды
Жасанды интеллект жасаған фото

2026 жылғы 17 ақпанда Байзақ аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1) 4) тармақтары бойынша өңірдің екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сотталушылар 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы хабарландырулар жариялаған. Заңды қызметтің көрінісін жасап, сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарларды нақты жеткізген. Кейіннен басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшалай қаражатты алғанымен, тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған, алынған қаражатты өз қалауларынша пайдаланған.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан 112 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 51 288 146 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сот талқылауы барысында сотталушылар кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін білдірді.

Сот үкімімен күйеуі 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылса, жұбайы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде қырағылық танытуға, бағасы едәуір төмен ұсыныстарға тиісті кепілдіктер мен құжаттарсыз сенбеуге, ал алаяқтық деректері туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі