Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Вирусолог: Коронавирус адамзат өміріне етене енді - Қазақстан жаңалықтары

Вирусолог: Коронавирус адамзат өміріне етене енді - Қазақстан жаңалықтары

Ресейдің ғылым академиясының академигі, вирусоло Виталий Зверев SARS-CoV-2 коронавирусы адамзат баласынның өміріне тұмау секілді етене енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл вирус біздің ортамызға қонаққа келген жоқ. Сондықтан ауру жазда не күзде басылып кетеді деп айту дұрыс емес. Бұл вирус бірнеше жыл сақталады, тіпті, адамдардың тіршілігінде мәңгілекке қалды деп айтуға болады", -дейді ресейлік сарапшы. 

Маманның пайымдауынша, әлем халқының 70%-ы COVID-19 ауруына шалдығады екен. Бұған қоса ол бұл вирус тұмау секілді қалыпты ауруға айналатынын ашып айтты. 

Сондай-ақ вирусолог егер мемлекет тұрғындарын жаппай коронавирусқа сынамадан өткізсе, бұл халықтың арасында ауруға шалдыққандарды анықтауды әлдеқайда жеңілдетіп, өлім деңгейін түсуіне әсер етеді дейді. Алайда Зверев коронавирустан көз жұму көрсеткіші 5% екендігіне сенбейтін сыңайлы. Сөзінше, тұмаумен салыстырғанда коронавирус әлдеқайда аз адамның өмірін қиған. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан