Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ветеринарлық дау медиация арқылы шешілді

Ветеринарлық дау медиация арқылы шешілді

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап қоюшы С.-ның Ұлытау облысының ветеринария басқармасының «Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы» КМК-ға қарсы 145 бас аналық қойды ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүйесінен заңсыз шығарып жіберген іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талабымен алдын ала қарау барысында тараптардың арасында медиациялық келісімді бекітті.

▪️Медиация нәтижесінде тараптар мынадай шарттарға келді:

1. Жауапкер талап қоюшының 145 бас аналық қойын ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүйесінен заңсыз шығарғанын растады.

2. Жауапкер келісімге қол жеткізгеннен кейін бұл малдарды жүйеге қайта енгізетінін мәлімдеді.

3. Талап қоюшы деректемелер өзгерген жағдайда жауапкерге дереу хабарлауға міндеттенді.

4. Тараптар келісім шарттарын орындаған жағдайда, бір-біріне шағымдарының жоқ екенін мойындады.

▪️ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 138-бабының талаптарына сәйкес, бұл талап арыз қайтарылды, және тараптарға осы негіздер бойынша қайта сотқа жүгінуге тыйым салынатыны түсіндірілді.

https://t.me/ulytaysud

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары