KZNews.kz
Саясат

Вашингтонға бағыт: Қазақстан Президенті «5+1» кездесуіне қатысады

Ayzhan Sylanova
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізбек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Сапар аясында Ел басшысы бірқатар халықаралық ұйымдар мен шетелдік ірі компания өкілдерімен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы «5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі саммитке қатысады. Бұл жиынға Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары, сондай-ақ АҚШ Мемлекет қосшысы қатысуы жоспарланған.

Кездесудің күн тәртібінде:

«5+1» форматы аймақ елдерінің АҚШ-пен тікелей дипломатиялық және экономикалық деңгейде өзара әрекеттесуін күшейту мақсатында өткізіліп келеді. Бұл — Орталық Азия мен Вашингтон арасындағы стратегиялық диалогтың маңызды алаңдарының бірі саналады.

Саммит қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жариялануы мүмкін.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары