«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұзын-сонар кезекте тұр: Алматылықтар дәріханаларды да талан-таражға салуда - Қазақстан жаңалықтары

Ұзын-сонар кезекте тұр: Алматылықтар дәріханаларды да талан-таражға салуда - Қазақстан жаңалықтары

Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейюіне байланысты Алматы Және Нұр-Сұлтан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылады. Бұл жаңалықтан кейін тұрғындар барынша қарманып қалуды ойлауда. Азық-түлік дүкендеріндегі талан-тараждан кейін дәріханалардың есік алдында ұзын сонар кезек кетпей тұр. Stan.kz тілшісі Алматыдағы ірі дәріханалар желісіндегі жағдайды өз көзімен көріп қайтты. 

Қаланың каратинге жабылатынын естіген тұрғындардың біраз абыржығаны жасырын емес. Бір айға жеткілікті азық - түліктерін, дәрі-дәрмектерін алып қалуға асығуда. Жығылғанға жұдырық болып доллар бағамының шарықтап тұруы да халықтың жанталасына себепші болуда. 

Бүгін таңғы уақыттан бастап Алматы қаласындағы ірі дәріханалар желісінде адам қарасы көп жиналып, кезектің соңы сыртқа шығып тұрды. 

Кезекте тұрғандардың арасында вирустан қорғануға көмекші құрал медициналық маска мен антисептиктен бөлек түрлі дәрілерді алып қалу үшін де келгендер бар. 

Дәріхана қызметкерінен кезектің саны жиі осылай бола ма деп сұрағанымызда: 

"Коронавирусқа байланысты карантин жарияланған соң адам көбейді", - деп қысқа жауап берді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан