Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үстіне ағаш құлаған 18 жасар бойжеткеннің жағдайы ауыр екені белгілі болды

Үстіне ағаш құлаған 18 жасар бойжеткеннің жағдайы ауыр екені белгілі болды

Алматыда 18 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оқиға 27 маусым күні болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, Селина Абитова №4 қалалық клиникалық ауруханасына аса ауыр халде жеткізіліп, бірден анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Қыздың жақындары әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтардан көмек сұрап, IV (төртінші) оң қан тобының донорларын іздеп жатыр.

Сонымен қатар, аурухана әкімшілігі пациентке қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын хабарлады. Дәрігерлер оған екі рет гемотрансфузия – қан және оның компоненттерін құю процедурасын жүргізген. Медициналық мекеме қазіргі таңда қан қоры жеткілікті екенін, емдеу процесі үздіксіз жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.