KZNews.kz
Қоғам

Үш баласынан айырылған маңғыстаулық отбасыға ерекше сый тарту етілді

Ayzhan Sylanova

Сертификатты табыстау сәтінің бейнежазбасын қоғам белсендісі Алмасбек Батыров өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Қайғылы оқиға биыл 23 ақпанда Мұнайлы ауданында болды. Үйдегі 30 жастағы қыз, 16 жастағы ұл және 13 жастағы кенже қыз көмірқышқыл газына тұншығып қаза тапты. Балалардың тәтесі де уланғанымен, аман қалған.

Сол күні анасы іссапармен Астанада, әкесі жұмыста жүрген. Тергеу нәтижесінде газдың ашық қалғаны анықталды.

Әкесі Айдарбек бастапқыда ЭКҰ-ға қарсы болғанын, бірақ туыстары мен достарының қолдауынан кейін келісімін бергенін айтты.

– Мұндай қасіретті ешкімнің басына бермесін. Әлі күнге дейін болған жайтпен келісу біз үшін өте ауыр. Бір кездері балалардың шат күлкісі естілген үйіміз қазір қаңырап бос тұр, – деді ерлі-зайыптылар.

Отбасы балаларының білімге құштар, мейірімді болғанын айтады: үлкен қыз жүкті болыпты, ұлы колледжде оқыған, ал кенжесі мектеп оқушысы еді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары