Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада бес бірдей баласынан айырылған отбасы баспана кезегіне тұрмаған

Астанада бес бірдей баласынан айырылған отбасы баспана кезегіне тұрмаған

«Осы күнге дейін бұл отбасы пәтер алу немесе баспанамен қамтамасыз ету бойынша кезекке тұруға қатысты ешқандай өтініш білдірмеген. Олар жергілікті атқарушы органдарынан да көмек сұрамаған. Көп балалы отбасы ретінде жәрдемақы алып отырған», - деді баспасөз хатшысы.

Белгілі болғандай, аталған отбасы «Көктал-1» тұрғын алабындағы жеке тұрғын үйдің ауласындағы уақытша тұрғын үй құрылысында тұрған.

«Біздің ақпарат бойынша ол туысқандарының үйі болған. Олар үйлерінің жанындағы уақытша құрылыс нысанын аталған отбасыға берген. Бұл отбасы - Астананың тұрғындары. Нақты өз баспаналары болмаған және әкімдіктен пәтер сұрамаған», - деді Эльвира Жүргенбаева.

Еске сала кетейік, 4 ақпанның түнінде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби еді. 

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Бауыржан