Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұшақ тұрғын үйге құлады: қаза тапқандар бар

Ұшақ тұрғын үйге құлады: қаза тапқандар бар
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Акрон қаласында шағын Piper PA-28 ұшағы тұрғын үйге құлады. Соққыдан кейін қатты өрт шығып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

New York Post басылымының жазуынша, оқиға 14 мамыр күні күндіз Огайо штатындағы Акрон қаласында болған. Шағын ұшақ әуеден құлап, тікелей тұрғын үйге соғылған. Артынша үйді алапат өрт шарпыды. АҚШ Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, ұшақ Akron Fulton Airport әуежайынан ұшып шыққан. Бортта екі адам болған. Екеуі де қаза тапты.

Апат болған сәтте үйдің ішінде төрт адамнан тұратын отбасы – ерлі-зайыпты мен екі бала болған. Қатты өртке қарамастан, олар сыртқа шығып үлгерген және жарақат алмаған.

"Бізге тұрғындардың ұшақтың үйге құлап бара жатқанын көргені туралы хабарланды", – деді Акрон өрт сөндіру қызметінің өкілі Сьерджи Лэш.

Оның айтуынша, құтқарушылар бастапқыда шақыртуға қарапайым тұрғын үйдегі өрт ретінде барған. Алайда кейін өртке әуе апаты себеп болғаны белгілі болды.

Куәгерлер соққыдан кейін аудан үстіне көтерілген қою қара түтінді видеоға түсіріп алған. Оқиға орнынан ұшақтың бөлшектері, соның ішінде құйрық бөлігі табылды.

Үй қатты зақымданған. Мамандар ғимараттың әрі қарай пайдалануға қаншалықты қауіпсіз екенін тексереді. Апаттың себебін АҚШ Федералдық авиация басқармасы мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі анықтап жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер