«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұрсаң да, ұрмасаң да кінәлісің: Серік Сәпиев қызметінен неге кеткенін айтты

Ұрсаң да, ұрмасаң да кінәлісің: Серік Сәпиев қызметінен неге кеткенін айтты
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөзі

Серік Сәпиев YouTube желісіндегі "Почему не я" бағдарламасына берген сұхбатында Қарағанды облысының спорт басқармасы басшысы қызметінен не себепті кеткенін айтып, бұрынғы әріптесімен болған келіспеушілікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Серік Сәпиев сұхбат барысында бұрынғы орынбасары Даурен Есімхановпен болған жағдайды алғаш рет кеңінен түсіндірді.

"Орынбасарыма қатысты айтар болсам, ол заңға қайшы әрекеттер жасаған. Мен соны тоқтатуға тырыстым. Бірақ қиын жағдай болды: ұрсаң да кінәлісің, ұрмасаң да кінәлісің. Осындай жағдайда не істеу керек? Мен екінші нұсқаны таңдадым", – деді ол.

Сонымен қатар спортшы бұл жағдайдың салдарынан өзін "қиын жағдайға тап болған адам" ретінде сипаттады. Қызметтен кету шешімін өз еркімен қабылдағанын да атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.