Шоу-бизнес

“Ұрған ба?” - Мөлдір Мұқанова Қабатовтың басына жасалған ауыр ота туралы айтты

“Ұрған ба?” - Мөлдір Мұқанова Қабатовтың басына жасалған ауыр ота туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, актриса әрі әнші Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсеміздің YouTube-тағы подкастына берген сұхбатында экс-күйеуінің денсаулығына қатысты бұрын беймәлім жайтты айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова Қабатовтың басына ауыр операция жасалғанын, бірақ оның нақты себебін өзіне де ашып айтпағанын жеткізді.

«Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келіп, ем қабылдап жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” – деп күлем ғой. Өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, балаларымыз да қатты уайымдадық», — деді Мөлдір Мұқанова.

Оның айтуынша, операцияның нақты себебін Тұрсынбек Қабатов «құлап қалдым» деп түсіндірген. Ал сұхбат кезінде Мұқанова: «Біреу ұрды ма?» – деп те күмән келтіргенін жасырмады.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов өзінің концерттік бағдарламасында басына жасалған отаның себебін қан ұйып қалуымен байланысты түсіндірген болатын.

«Жақында басыма ота жасаттым. Тромб болып, басымның “қақпағын” алып тастады. Қазір алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын. Көп сөйлеп кетсем, түсінерсіздер», — деген еді әзілкеш сахнада.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz