Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үрейі ұшқан отбасы аязда жалаңаяқ далаға жүгірді

Үрейі ұшқан отбасы аязда жалаңаяқ далаға жүгірді

Жеті балдық жер сілкінісінен отбасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласында жойқын жер сілкінісі кезінде бір отбасының ажалдан қалай аман қалғаны видеобақылау камераларына түсіп қалды. 

Қорқынышты бейнежазба YouTube-та жарияланған. Видеода әкесі қызымен бірге үстелде отырғаны көрінеді. Бір кезде ғимарат қимылдай бастайды. Ер адам баласын алып, далаға жүгіреді, артынан үрейі ұшқан әйел жүгіріп шығады.   

«Бейнебақылау камералары 7,0 балдық жер сілкінісінен қалай аман қалғанымызды түсіріп алды. Бұл үлкен дүрбелең тудырды», — деп жазды үй иесі.

Белгілі болғандай, отбасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Автор
Арман