KZNEWS.KZ
Саясат

ҰҚК-дегі ауыс-түйіс: Тоқаев генерал Далматовты қызметінен босатты

• Айгерім Асылова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын ауыстырды, деп хабарлайды Kznews.kz

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Қанатай Далматовты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатты.

Оның орнына Марат Ирменов тағайындалды.

– Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.

Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →