KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

ҰҚК: Жамбыл облысында басқарма басшысы ұсталды

Фото: ашық дереккөздерден

Жамбыл облысында лауазымды басшы сыбайластық күдігімен ұсталды. Құзырлы орган ақпаратты растады,  деп хабарлайды kznews.kz.

Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовті жұмыс орнында ұстағаны туралы хабар тараған болатын. 

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты ішінара растап, аталған шенеуніктің тергеу аясында екенін мәлімдеді. Алайда, істің нақты мән-жайы мен тағылған айыптар туралы ресми мәліметтер жарияланған жоқ.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →