Қазақ қызын шетелдің 80 университеті оқуға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК-ның Нұрлан Сабуровқа жүргізген тергеуі аяқталды

ҰҚК-ның Нұрлан Сабуровқа жүргізген тергеуі аяқталды
Фото: Maksim Konstantinov / Global Look Press

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровке қатысты жүргізілген тексеру қорытындысын жариялады. Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында заң бұзушылық белгілері анықталмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Сабуровтың «Вагнер» құрамындағы «Истра» бөлімшесіне мотоцикл сыйлап, «Все для победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты бірқатар БАҚ құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдап, бұл әрекеттердің Қазақстан заңнамасы тұрғысынан бағалануын сұраған.

ҰҚК бұған дейін аталған дерек бойынша тексеру басталғанын хабарлаған еді. Ал Ішкі істер министрлігі Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге тыйым салынғаны хабарланған. Сондай-ақ Украинада оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.